×
01.02.2022, 17:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада ер адамды бейтаныс қыз тонап кеткен

Нұр-Сұлтанда 32 жастағы ер адам полицияға хабарласып 1 500 АҚШ доллары ұрланғаны жөнінде арызданған, деп хабарлады Elorda.info

Елордада ер адамды бейтаныс қыз тонап кеткен

Елордалық жәбірленушінің айтуынша, бір күн бұрын ол түнгі уақытта достарымен караоке-барға барған. Сол жерде жәбірленуші алкоголь ішіп бір қызбен танысқан.Таныстықтан кейін ер адам жаңа дос қызын бірге түнді өткізу үшін қонақүйдегі нөмірге шақырған. Қонақүйде бойжеткен ер адамның ұйықтағанын күтіп, содан кейін оның әмиянынан ақшалай қаражатын ұрлап белгісіз бағытқа қашып кеткен.   

Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасағанын мойындаған 22 жастағы қызды ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері