×
01.02.2022, 21:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Шоколад ұрлаған оралдық тұрғын ұсталды

Оралда тәттіқұмар ер адам жанар-жағармай бекетінің дүкенінде шоколад ұрлаған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шоколад ұрлаған оралдық тұрғын ұсталды

Оқиға Абай даңғылында орналасқан жанар-жағармай бекетінде болған. Ер адам еш ойланбастан дүкенге кіріп, қолына шоколадтарды алып шығып кеткен. Күдіктінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 187-бабы 1-бөлігі (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері