Нұр-Сұлтан 11°
×
27.01.2022, 17:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қарағандыда екі жігітпен кездесіп жүрген қыз полицияға шағымданды

Қарағанды облысында қызғаныштан ғашығының телефонын сындырған жігіт ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарағандыда екі жігітпен кездесіп жүрген қыз полицияға шағымданды
Фото: pexels.com

Қарағанды облысы Саран қалалық полиция бөліміне 22 жастағы тұрғын шағымданып, хабарласқан.

Шағымданушы қыздың айтуынша, жігіті телефонын әдейі сындырған. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жәбірленушінің бір мезетте қос жігітпен кездесіп жүргені белгілі болды.

Қос жігіттің бірі сүйгеніне қымбат ұялы телефон сыйға тартқан. Оны екінші жігіт біліп, қызғаныштан телефонды сындырған.

Жәбірленушіге 850 мың теңге шығын келтірілген. Полиция қызметкерлері 24 жастағы қызғаншақ жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабына (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сәйкес іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері