Елордалық кішкентай бала балабақшадан жарақат алған. Оның суреттері әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлады Elorda.info
Жазба авторының айтуынша, оқиға 12 қаңтарда «Алан» балабақшасында болған.
Ата-анасы қызының денесіндегі жарақатын үйіне барғанда ғана байқаған. Полиция бөліміне хабарласып, арыз жазған. Тергеуші әлі күнге дейін сот-медициналық сараптамасын алмаған, іс қозғамай жатыр. Сурет пен видео бар. Біз сотты күтіп отырмыз, – делінген хабарламада.