Нұр-Сұлтан 15°
×
21.01.2022, 14:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Түркістан облысында журналиске қастандық жасамақшы болғандар ұсталды

Полиция Түркістан облысында журналиске қастандық жасамақ болған бес күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Түркістан облысында журналиске қастандық жасамақшы болғандар ұсталды
Фото: дереккөз

Orda.kz сайтының жазуынша, айғақ ретінде қылмыстан түсетін ақшаға сатып алынған екі көлік, сонымен қатар 16 калибрлі оқтар тәркіленген. Сарығаш ауданының тұрғыны, нақтырақ айтқанда, шенеунік журналисті өлтіруге тапсырма берген. Оның өмірінің құнын 5 миллион теңгеге бағалаған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстың себептері мен барлық мән-жайлары анықталатын болады.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін 3 қаңтар күні БАҚ беттерінде Сарығаш ауданындағы белгілі журналистің үйіне шабуыл жасалғаны айтылған болатын, оқиға кезінде оның баласы жарақат алған еді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері