Нұр-Сұлтан 15°
×
21.01.2022, 13:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Шымкентте пәтерден бойжеткеннің мәйіті табылды

Шымкенттегі көппәтерлі үйден пышақ жарақаты салынған қыздың мәйіті табылды, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шымкентте пәтерден бойжеткеннің мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөз

Ресми мәліметке сәйкес, 17 қаңтарда Абай аудандық Полиция басқармасына 1 мамыр көшесі бойында орналасқан пәтерден қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, марқұмның кім екенін анықтады. Жасы – 27-де, мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаттары анықталды.

Осыған байланысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары ұсталды, - дейді полицейлер.

Күдіктілер Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері