Нұр-Сұлтан 8.6°
×
20.01.2022, 17:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Екі адам қаза болды: Алматы облысында КамАЗ жеңіл көлікпен соқтығысты (ВИДЕО)

Алматы облысында екі адамның өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлады Elorda.info

Екі адам қаза болды: Алматы облысында КамАЗ жеңіл көлікпен соқтығысты (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы пайда болды. Кадрда соққы салдарынан жеңіл көліктің қатты зардап шеккені байқалады. Видео авторы Mazda Cronos пен КамАЗ-дың соқтығысқанын айтты.

40 жастағы КамАЗ жүргізушісі Алматы - Көкпекті - Көктал тас жолының 656 шақырымында рөлге ие бола алмай жолдың қарсы жолағына шығып кетті. Салдарынан Mazda Cronos көлігіне соғылды. Соққы салдарынан жеңіл көліктің 45 жастағы жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысы көз жұмды, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалды. 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 645-бабы (Бір және одан да көп адамның өліміне алып келген жол ережесін бұзу) бойынша жүргізіліп жатыр.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері