Нұр-Сұлтан 9.9°
×
17.01.2022, 09:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

20 жастағы полицей өзін атып өлтірді

Өз-өзіне қол салған полицейдің ісі тергеліп жатыр. Іс жүргізу бойынша шешім шыққан соң, Полиция басқармасының қандай жауапқа тартылатыны анықталады, деп хабарлады Elorda.info

20 жастағы полицей өзін атып өлтірді
Фото: ашық дереккөз

«Мой ГОРОД» порталының мәліметінше, оқыс оқиға 2021 жылдың 3 желтоқсанында сағат 07.40-та болған. 20 жастағы кіші сержант табельдік қаруды алып, Орал Полиция басқармасының ғимаратының жауынгерлік бекетінде өз-өзіне қол салған.

Марқұм БҚО тумасы болған. Ішкі істер органдарында 2021 жылдың мамыр айынан, ал соңғы қызметіне тамыз айында кіріскен. 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың маусымына дейін Қазақстан Қарулы күштерінде жедел қызметтен өткен. 

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі кіші сержант Жаңабаевтың қызметке қабылданарда арнайы тексерістен өткенін хабарлады. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 1-тармағы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша іс қозғалған. 

Марқұм Жаңабаев үйленбеген, отбасына қатысты өзге ақпарат берілмеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері