Нұр-Сұлтан -11.6°
×
14.01.2022, 18:15
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Темір жол апатынан тоғыз адам қаза болды

Үндістанның шығысындағы темір жол апатынан 9 адам қаза болды, деп хабарлады Elorda.info «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Темір жол апатынан тоғыз адам қаза болды
Фото: ашық дереккөз

Оқиғадан тағы 45 жолаушы түрлі жарақат алған. Олардың 10-ы ауыр халде жатыр.

Белгілі болғандай, Батыс Бенгалия штатында жолаушылар пойызының 12 вагоны шойын жолдан шығып кеткен.

Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. Қазір апат орны қоршалды. Құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр.

Мамандар вагон ішінде тағы адам болуы мүмкін дейді.

Ал жергілікті билік апаттан қаза тапқандардың отбасыларына 6 мың 700 доллар, ал жарақат алғандарға 1 мың 300 доллар жәрдемақы төленетінін хабарлады.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері