Нұр-Сұлтан 19.7°
×
14.01.2022, 22:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Жол апатынан бес адам көлікте тірідей өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлады Elorda.info облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Жол апатынан бес адам көлікте тірідей өртеніп кетті
Фото БҚО облыстық ПД

Орал-Атырау тас жолында «КамАЗ» жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл автокөлігі соқтығысып, салдарынан бес адам қаза тапты.

Ведомство мәліметінше, Тайпақ пен Алмалы ауылдарының арасында, өрт сөндіру бекетінен 18 шақырым жерде мал азығы тиелген тіркемесі бар «КамАЗ» бен Toyota Camry автокөлігі бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің толықтай өртеніп кеткені белгілі болды. Сонымен қатар, жүк көлігінің кабинасы да жанған.

Құтқарушылар жеңіл көліктен 5 адамның денесі шығарылғанын растады.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жұмыс істеді. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері