Нұр-Сұлтан 19.8°
×
11.01.2022, 15:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Алматыдан қашып кетпек болған тонаушылар қолға түсті (ВИДЕО)

Медеу аудандық полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының бес тумасын ұстады, деп хабарлады Elorda.info Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Олардан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақтар табылған.
 

Ұсталғандар бұл заттарды тонау жолымен алғанын мойындады. Сондай-ақ, ұсталғандардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдер, оқ өтпейтін киім мен қалқандары тәркіленді, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 272 бабы – жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу және ҚР ҚК-нің 188 бабы – бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері