Нұр-Сұлтан 28.4°
×
02.01.2022, 11:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қызылорда облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Қызылорда облысындағы жаппай төбелестің видеосы тарады. Видеодан жігіттердің қолдарына таяқ алып, бір-біріне тас лақтырғанын көруге болады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазалы аудандық полиция бөлімінде 1 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында болған бұзақылық дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгені хабарланды.

Полиция бөліміне шағым, өтініш түскен жоқ. Сондай-ақ, аудандық ауруханаға ешкім медициналық көмек сұрап жүгінген жоқ, - деді ведомство өкілі.

Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнынан полиция қызметкерлері полиция бөліміне 8 азаматты жеткізді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп мәлімдеді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері