×
30.12.2021, 16:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Павлодар облысында ауыл тұрғыны мешіттен ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Elorda.info.

Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Шарбақты ауданы полиция бөліміне мешіттегі қайырымдылық жәшігінен ақша ұрланғаны туралы арыз түскен.

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 187-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Криминалист тексеру барысында саусақ іздерін анықтады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Деректер автоматтандырылған іздеу жүйесіне енгізіліп, картотека бойынша сәйкестік табылды. Саусақ іздері 47 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екені белгілі болды.

Жедел уәкілдер оңай жолмен пайда тапқысы келген күдіктіні ұстады.

Тергеу жалғасып жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері