Нұр-Сұлтанда орналасқан 4 ірі сауда орталығындағы бүгінгі азық-түлік бағасы қандай? Elorda.info журналисі базарларды аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын салыстырып қайтты.
5-10 теңгелік өзгерісті есепке алмағанда, елорда базарларында қазір баға, негізінен, тұрақты.
Базарларда көкөніс дәл кешегі бағамен саудалануда. Қант, күріш және макарон өнімдерінің де құны өзгермеген.