Нұр-Сұлтанда орналасқан 4 ірі сауда орталығындағы бүгінгі азық-түлік бағасы қандай? Elorda.info журналисі базарларды аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын салыстырып қайтты.
Өткен аптамен салыстырғанда елорда базарларында қырыққабат бағасы қымбаттаған. Ал басқа көкөніс құны өзгермеген. Мысалы, «Әлем», «Шапағат» және «Көк базарда» картоптың бір келісі 230 теңге.