Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан 4 ірі сауда орталығындағы бүгінгі азық-түлік бағасы қандай? Elorda.info журналисі әдеттегідей базарларды аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын салыстырып қайтты.
Кешегі күнмен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы айтарлықтай өзгермеген. Тек бүгін «Астаналық» базарда сәбіздің бір келісі 270 теңге. Кеше бұл көкөніс 250 теңгеге саудаланған. Сондай-ақ картоп бағасы да 10 теңгеге қымбаттады. Ал күріштің және макарон өнімдерінің келісі, керісінше, 10 теңгеге арзандады.