Нұр-Сұлтанда орналасқан 4 ірі сауда орталығындағы бүгінгі азық-түлік бағасы қандай? Elorda.info журналисі әдеттегідей базарларды аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын салыстырып қайтты.
Өткен аптамен салыстырғанда елордада көкөніс бағасы қымбаттаған. Мысалы, «Астаналық» базарда картоп бағасы 10 теңгеге көтерілген. Жұма күні бір келісі 220 теңге болса, бүгін 230 теңгеге сатылуда. Сәбіз және пияз, қырыққабат бағасы да 20 теңгеге қымбаттаған.