Нұр-Сұлтанда орналасқан 4 ірі сауда орталығындағы бүгінгі азық-түлік бағасы қандай? Elorda.info журналисі әдеттегідей базарларды аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын салыстырып қайтты.
Кешегі күнмен салыстырғанда базарда қырыққабат бағасы қымбаттаған. Мысалы, «Көк базарда» кеше бағасы 360 теңге болса, бүгін 370 теңге. «Шапағат» базарында да бұл көкөністің бағасы 20 теңгеге өскен, кеше 360 теңгеге тұрса, бүгін 380 теңгеге сатылуда.
Айта кетсек, бұгін қант және қарақұмық «Шапағатта» жеңілдікпен сатылып жатыр.