Нұр-Сұлтанда орналасқан 4 ірі сауда орталығындағы бүгінгі азық-түлік бағасы қандай? Elorda.info журналисі әдеттегідей базарларды аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын салыстырып қайтты.
Елорда базарларында азық-түлік бағасы бірдей болмағанымен, бір-бірінен бәлендей алшақ та емес. Мысалы, «Астаналық» және «Шапағат» базарларында ұнның бір келісі 330 теңге. Күріш «Көк базар» мен «Шапағатта» бір бағамен сөрелерде тұр.