Нұр-Сұлтан 9.4°
×
27.01.2022, 16:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада арзан етті қайдан алуға болады

Нұр-Сұлтанда орналасқан 4 ірі сауда орталығындағы бүгінгі азық-түлік бағасы қандай? Elorda.info журналисі әдеттегідей базарларды аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын салыстырып қайтты.

Елордада арзан етті қайдан алуға болады

Кешегі күнмен салыстырғанда «Астаналық» базарда сүт 10 теңгеге арзандаған. Ең төмен бағамен қарақұмықты «Әлем» сауда үйінде орналасқан дүкеннен алуға болады.

Қасқырдан қалыспай ет жейтін қазақ үшін ет бағасы аса маңызды. Сондықтан салыстырмалы түрде алғанда «Көк базарда» сиыр етінің 1 келісі 2 300 теңгеден сатылуда. Қалған «Астаналық», «Әлем» базарларында ет 200 теңгеге қымбат.

Қазір бәрі қымбат. Еттің бағасы да арзан болмайды. Біз де қымбатқа аламыз. Бәсекелестік бар, бағаны түсіруге болар еді. Бірақ қазір шөп қымбат, сондықтан ет бағасы өсті, - дейді сатушы Серікжан.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері