×
28.11.2022, 14:32
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Астанада балалар арасында би түрлерінен халықаралық жарыс өтті

Оған еліміз бойынша 600 қатысушы жиналды

Астанада балалар арасында би түрлерінен халықаралық жарыс өтті
Фото: 24.kz

Елордада «Бала шабыты» деген атаумен би түрлерінен халықаралық жарыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, жас өрендер арасындағы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ден аса қатысушы жиналды. Олар 4 жас деңгейі бойынша өзара мықтыны іріктеді. Яғни, сайыс 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің қарым-қабілетін анықтап, кейін олардың спорттық бимен кәсіпқой  тұрғыда айналысуына жол ашуға арналып отыр.

Айта кетейік, бүлдіршілер арасындағы жарыс 2018 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді. Жылына бірнеше мәрте өткізілген кез де бар. Мәселен, алдағы айда жас таланттар тағы да бақ сынап, жылдың қорытынды жарысына қатысады. Келешекте байқаудың ауқымы мен форматын кеңейтіп, оны тіпті, шетелдерде ұйымдастыру жоспарланып отыр.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері