×
25.09.2022, 13:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астанада Андреа Бочеллидің ариялары мен әндері шырқалды

Бұл концерт сол үрдістің жалғасы болды

Астанада Андреа Бочеллидің ариялары мен әндері шырқалды
Фото: дереккөз

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Андреа Бочеллидің репертуарындағы әйгілі ариялар мен әндер» атты концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Осындай концерт былтырғы жылы Парсы шығанағындағы Дубайдағы отельдердің жанындағы үлкен алаңқайда ашық аспан астында  болған. Онда А.Бочеллиді Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі мен оның көркемдік жетекшісі, Әлем артисі, Қазақстанның Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсаходжаева сүйемелдеп, "Parus-2021" фестивалінің  көрермендерін таңырқатқан...

Бұл концерт сол үрдістің жалғасы болды.

Жалпы, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының үздік музыкалық ұжымдарының бірі. Оның құрамында қазіргі заманғы қазақстандық музыкалық өнерді халықаралық аренада насихаттап, камералық музыканың әлемдік дәстүрін жалғастырушы жоғары кәсіби музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары еңбек етуде. 
Оркестрге ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсаходжаева дирижерлік етеді. 

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ (сопрано), халықаралық байқаулардың лауреаты Артур Ғабдиев (тенор), Қазақ ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кеш бағдарламасында Дж.Бизенің «Кармен» операсына увертюра, Дж.Вердидің «Риголетто» операсынан Мантуя герцогінің ариясы, Дж.Пуччинидің «Тоска» операсынан ария, Дж.Пуччинидің «Джанни Скикки» операсынан ария, Дж.Россинидің «Сорока Воровка» операсының увертюрасы сынды әлемдік музыкалық классиканың үздік туындылары ұсынылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері