Нұр-Сұлтан 9.9°
×
03.07.2022, 00:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елордада күй жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Дина Нұрпейісованың ескерткішінің жанында Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесі, қалалық Жастар саясаты басқармасы және «Күй анасы» республикалық қорының ұйымдастыруымен «Күй жәрмеңкесі» өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада күй жәрмеңкесі өтті (ФОТО)
Фото: Сұлтан Сейітов

Үшінші рет ұйымдастырылған іс-шараға мектеп оқушылары, студенттер мен қоғам және өнер қайраткерлері қатысты.

Ақын Айбатыр Сейтақ Дина Нұрпейісоваға арналған «Күй өнерін бар әлемге танытты» өлеңін оқыса, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Қадырбек Бөрібеков немересіне аталық тілегін айтып, домбыра сыйлады.

Күй жәрмеңкесінде қазақтың күйші-композиторлары Сүгір мен Тәттімбет күйлері орындалды.

Төлеген Қуанышев, «Күй анасы» республикалық қорының жетекшісі:

Басты мақсатымыз – жастарды біздің еліміздің төл өнеріне баулу. Сол арқылы тәрбиелеп, біздің еліміздің нағыз патриотты жастарды тәрбиелеуге бағышталған шара. Осы үрдіс әрі қарай жалғасын таба береді деген ойымыз бар. Осылай ай сайын осы жерге халық жиналып, күй тыңдайтын болса, одан артық бізге қандай бақыт керек. 

Күй сайысында күй тартылып, үздік өнерпазға үкілі домбыра сыйға тартылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері