Нұр-Сұлтан 22.7°
×
12.05.2022, 18:16
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Сенің қалауыңды түсіндік»: Димаштың бейтаныс бойжеткенмен түскен фотосы талқыланып жатыр (ФОТО)

Димаш Құдайберген Instagram парақшасында белгісіз бойжеткенмен бірге түскен суретін жариялады. Фотоға қарағанда, екеуі бірге теннис ойнаған, деп жазады Elorda.info

«Сенің қалауыңды түсіндік»: Димаштың бейтаныс бойжеткенмен түскен фотосы талқыланып жатыр (ФОТО)
Фото: ашық дереккөз

Теннис ойнадық. Жаттығудан кейінгі сезім ұнайды, – деп жазба қалдырды әнші. 

Әлбетте, Димаштың фанаттары фотодағы қыздың кім екенін білуге құмартты. 

«Әртүрлі іспен айналысатыныңды білгенде қуанамын. Жаныңдағы сұлу бикешке жеңіліп қалмадың деп үміттенемін», «Теннис ойнағаның керемет. Бірақ екінші фотоны көріп біраз кідіріп қалдық. Құшақтап тұрсың», «Бұл қыз кім? Теннис ойнауға неге сонша боянып алға«», «Қызыл киген әйел. Сенің қалауыңды түсіндік», «Мұндай сұлу қызбен теннис ойнағанның әсері бөлек шығар», – деп жазып жатыр әншінің оқырмандар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері