Нұр-Сұлтан 9.9°
×
26.04.2022, 15:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақ хандарына туралы тарихи аудиожоба жарыққа шықты

Қазақ хандарына туралы тарихи аудиожоба жарыққа шықты. KhanCast бағдарламасын Megogo мобильді қосымшасы арқылы тыңдауға болады, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақ хандарына туралы тарихи аудиожоба жарыққа шықты

Эксклюзивті тарихи подкаст 10 бөліктен тұрады және Керей хан, Жәнібек хан, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан сияқты хандар туралы баяндайды. Әр бөлік тек Қазақ хандығының билеушісіне ғана емес, сонымен бірге тарихтағы белгілі бір кезеңге арналған.

Идея авторы және подкасттың продюсері  Елдар Құдайбергенов. Жүргізушісі мен редакторы – Айым Тлепберген. Жобаның өндірісімен Megogo Audio тобы айналысса, кеңесші ретінде Берекет Кәрібаев, Лепуда Мұқатаева, Гүлмира Сұлтанғазы сынды кәсіби тарихшылар қолдау көрсеткен.

KhanCast подкасты – тыңдаушыға еліміздің тарихи кезеңдерін еске түсіріп қана қоймай, халқымыздың тереңдігін, батылдығы мен бірегейлігін де көруге мүмкіндік береді. Өйткені, өткен кезеңдегі әрбір кезең-қазіргі Қазақстанның негізі. Бұл аудио жоба кәсіби тарихшылармен бірге нақты зерттеу болып табылады, нәтижесінде көптеген керемет фактілер келтірілген, – деді Орталық Азиядағы Megogo директоры Нұрлан Чукубаев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері