Нұр-Сұлтан 8.6°
×
27.01.2022, 14:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Актриса Дариға Бадықова келіндер сайысын өткізгелі жатыр

«Келінжан» телесериалындағы Айсара рөлі арқылы жалпақ жұртқа танымал болып кеткен актриса Дариға Бадықова келіндер сайысын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ол өзінің instagram-парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Актриса Дариға Бадықова келіндер сайысын өткізгелі жатыр

Актриса пандемия мен атыс-шабыстан адамдардың көңілі құлазығанын айтып, осындай іс-шара ұйымдастырғысы келетінін жария етті. Өнер иесі бұл тұрғыда оқырмандарына жүгініп, сайысқа қатысты олардың ойын білмек болды.

Бір ойға шомып отырғаным-ай, орта жасқа келгендікі ме? Келіндер сайысын жасағым келеді. Барлық өңірдің келіндерінің басын қосып, келіндер сайысын Киелі Тараз қаласында жасағымыз келіп отыр. Пандемия, карантин, атыс-шабыс деп әбден көңіл-күйіміз құлазыды. Халық үрейден басқа ештеңе ойламайтын болды. Теледидарды қосып қалсаң, тек ресми жаңалықтар, қорқынышты ақпараттар. Салт-дәстүрді дәріптеп, келіндердің ынтасын жақсартсақ, оның несі әбестік? «Әдепті келін – ауыл көркі» дейді. Қалай ойлайсыздар? Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық Қазақстаннан бір-бір жас келіндерден шақырсақ? Жас келін, келесіз бе? Келін – салт-дәстүр дәріптеуші. Келін - ұрпақ тәрбиелеуші. Келін – отбасының бетпердесі, – деп жазды Бадықова.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері