Нұр-Сұлтан 19°
×
26.01.2022, 22:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада кино музыкасы орындалады

Тұңғыш рет «Астана Операның» Үлкен сахнасында ақпанның 1-2 күндері танымал фильмдерден көпшілік жақсы көретін шығармалар орындалады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада кино музыкасы орындалады
Фото: ашық дереккөз

Талантты музыкант Әлихан Идрисов дайындаған «Экран әуендері» бағдарламасына қазақстандық және кеңестік киноклассиканың саундтректері, сондай-ақ мультфильмдерден тамаша әуендер енеді.

Кинофильмдерге арналған музыка – өнердің ерекше түрі. Бір күні көрерменнің жүрегінен орын таба отырып, ол көріністен бөлек өмір сүруді жалғастырады, көбіне тіпті кинодан да әйгілі бола түседі. Дәстүрге айналған концерт, аты айтып тұрғандай, аншлагтармен жыл сайын өтеді.   

Көрермендердің зор сүйіспеншілігіне ие болған «Экран әуендері» биыл «Астана Операның» Үлкен залында көрсетіледі: оған дейін киномузыка К.Байсейітова атындағы Камералық залда орындалып келді.  

Үлкен залда киноконцерт өткізу туралы бастамамызды қолдағандары үшін театр басшылығына өте ризамын. Сүйікті жарым Жазира Нұржауыпованың арқасында осы қадамға бел будым. Оның қолдауынсыз бұл концерт болмас еді, – деп атап өтті дирижер, республикалық байқаулардың лауреаты Әлихан Идрисов.   

Кеңестік киноның жанкүйері әрі жобаның тұрақты жетекшісі, міне, осымен тоғызыншы рет жарқын бағдарлама дайындауда, танымал әуендерге әркез жаңа бояулар қосып, оны жастардың кеңестік классиктерді танитынтай және жақсы көріп кететіндей етіп жасағысы келеді.   

Студенттік жылдары мен фильмдердегі музыкаға, оның кейіпкерлердің мінезін қалай жеткізетініне, фильмнің сюжеті мен мағынасына дендеп көңіл аудара бастадым. Атақты композиторлардың фильмдерге әнді қалай жазатыны қызықты болатын. Міне, сол кезде киноконцерт жасау идеясы туды, – деді Әлихан Идрисов.   

Биыл солистер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтің жетекшілігімен Камералық хор және «Астана Опера» оркестрі «Мой ласковый и нежный зверь», «Берегись автомобиля», «Свой среди чужих, чужой среди своих», «Розыгрыш», «Д’Артаньян мен үш ноян» секілді фильмдерден шығармаларды орындайды. «Қыз Жібек», «Тақиялы періште», «Тоғысқан тағдырлар» сынды отандық фильмдерден, сондай-ақ «Бремен музыканттары» және тағы басқа мультфильмдерден композициялар көпшілік үшін үлкен тосынсый болмақ. 

Сахнаға 1 мен 2 ақпанда екі кеш бойы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев, Ардақ Сабыр, Ұлпан Әубәкірова, Елтай Мұстанов, Ерлан Мерекенов, Әлихан Зейнолла, Рамзат Балакишиев, Расул Жармағамбетов, Ержан Саипов, Бахтияр Омаров шығады. 

Руслан Баймурзин домбырада, Думан Орынғалиұлы трубада жеке орындайды.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері