Нұр-Сұлтан 14.5°
×
21.01.2022, 11:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда Алматыны қолдауға арналған музыкалық челлендж басталды

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облыстық филиалы Алматы қаласының тұрғындарын қолдау мақсатында челлендж бастады, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қазақстанда Алматыны қолдауға арналған музыкалық челлендж басталды
фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысының этномәдени бірлестіктері республика азаматтарын осы қиын кезеңде Алматы тұрғындарын қолдау үшін бүкілхалықтық челленджге қатысуға шақырды.

Акцияның мақсаты - радикалды тонаушылар шабуылының құрбаны болған Алматы қаласы тұрғындарына қолдау көрсету.

Осы қиын уақытта барлығымыздың бірігіп, Алматы тұрғындарын қолдауымыз өте маңызды. Бізді мыңдаған шақырым бөліп тұрса да, біз қоғамға шын жүректен олармен бірге екендігімізді және әрқашан көмек беруге дайын екендігімізді көрсеткіміз келеді. Сол себепті Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Алматы қаласын қолдау туралы челленджін жариялаймыз, – деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.

Челлендж аясында әрбір тілек білдіруші Алматы туралы әннің бейнежазбасын жазып, оны әлеуметтік желілерде #КүшімізБірлікте және #СилавЕдинстве хэштегтерімен орналастыра алады.

Қазіргі уақытта акцияны Ақтөбе және Павлодар облыстарының Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласының «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенділері қолдады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері