×
18.01.2022, 12:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

1,5 млрд тыңдалым жинаған Иманбек Зейкенов тағы да марапатталды

Қазақстандық диджей әрі музыкалық продюсер Иманбек Зейкеновтің Roses — Imanbek Remix трегі әлем бойынша 1,5 миллиард тыңдалым жинады, деп хабарлады Elorda.info.

1,5 млрд тыңдалым жинаған Иманбек Зейкенов тағы да марапатталды
фото: ашық дереккөзден

Осы трек үшін Spotify музыкалық қызметі Иманбекті марапаттады.

Менің шығармашылығым бүкіл әлемнен өз жанкүйерлерін тапқаны өте тамаша. Spotify-де басқа әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен қатар атымның аталуы екі есе жағымды, – деді диджей.

Айта кетейік, бұған дейін Spotify марапатын канадалық рэпер Дрейк, норвегиялық диджей Куга және британдық әнші Дуа Липа алған болатын.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері