Нұр-Сұлтан 19.1°
×
27.12.2021, 11:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Иманбек жыл музыканты атанды

Қазақстандық диджей Imanbek MTV Россия телеарнасының таңдауы бойынша жыл музыканты атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Иманбек жыл музыканты атанды

MTV Россия телеарнасы 2021 жылдың музыканттарын жариялады. Үздік ондыққа қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) енді.

Жылдың үздік он музыканты: Мари Краймбери, Slava Marlow, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu, Анет Сай.

Еске сала кетейік, қазақстандық Иманбек Зейкенов 2019 жылы SAINt JHN – Roses әнінің ремиксін жазып, әлемге танымал болды.

Композиция әлемдік чарттарда бірінші орынды иеленді. Иманбек қазақстандықтардың арасында алғаш болып "Грэмми" сыйлығын алды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері