Нұр-Сұлтан 24.1°
×
24.12.2021, 18:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада «Тәуелсіздік: Бауыржан Момышұлы жүрген ізімен» атты іс-шара өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік: Бауыржан Момышұлы жүрген ізімен» атты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info

Елордада «Тәуелсіздік: Бауыржан Момышұлы жүрген ізімен» атты іс-шара өтті
Фото: дереккөз

Осыдан 111 жыл бұрын  1910 жылдың 24 желтоқсанында Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы дүниеге келді. Айтулы күнге орай өткізілген іс-шараға заңгер-құқықтанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері Ирак Елекеев, айтыс ақыны, жыршы-жырау, мәдениет қайраткері, кинодокументалист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Әлімжанов, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, профессор, Б.Момышұлының ұрпағы Дембай Салауат және өзге де елорданың зиялы қауым өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – қазақтың даңқты қолбасшысын еске алу, шығармашылығы мен ерлігін насихаттау.

Бүгінгі біздің іс-шарамыз Бауыржан атамызды еске алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жалпы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің негізгі мақсаты – ұлы тұлғалардың жетістікке жету жолын насихаттау, келер ұрпаққа батырлығы мен ерліктерін дәріптеу. Бізде 17 арнайы жоба бар. Негізгісі – «Ұлы даланың  ұлы қырандары». Осы жоба негізінде бабаларымызды  еске алып, шара өткізудеміз, - деді «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі оқу орталығының басшысы Жанерке Төлен.

Іс-шара барысында даңқты қолбасшы өмірінен құнды деректер, естеліктер айтылды. Құрметті қонақтар жиналған қауымға Бауыржан Момышұлы туралы қызықты естеліктерін бөлісті.

Бауыржан Момышұлы музейінде өткен еске алу кеші концертке ұласып, іс-шара соңында батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері