Нұр-Сұлтан 24.1°
×
16.12.2021, 13:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорданың Достық үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай марапаттау рәсімі өтті

Елорданың Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне, сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірлік пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларға, белсенділерге қоғамдық наградаларды тапсырудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Елорданың Достық үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай марапаттау рәсімі өтті

Салтанатты ашылу рәсімінде Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов қатысушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.

«Нұр-Сұлтанның Достық үйі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көптеген және мазмұнды іс-шараларды өткізу орталығына айналды. Биылғы жыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 игі іс аясында тұрмысы төмен жандарға азық-түлік себеттерін таратумен басталғаны және оған Нұр-Сұлтан ҚХА тікелей қатысқаны бәрімізге мәлім. Жыл басынан бері 5 мыңнан астам себет таратылды. Мен бұл бастаманы қолдап, қолдаған барлық демеушілер мен меценаттарға үлкен алғысымды білдіргім келеді», – деді ол.

Рәсімге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.Тоқаевтың мерейтойлық медальдарын, Құрмет грамоталарын, Нұр-Сұлтан әкімі А. Көлгіновтің, Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары А. Ораловтың алғыс хаттарын, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарын, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық медальдарын алды.

Салтанатты шараға мемлекеттік органдардың, қайырымдылық ұйымдарының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар қатысты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері