Нұр-Сұлтан 19.7°
×
02.12.2021, 15:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Абайдың қара сөздері» атты фильмнің түсірілімі аяқталды

ҚР Президентінің телерадиокешені Абайдың 175 жылдығына арнап түсірген киножоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді, деп хабарлады Elorda.Info.

«Абайдың қара сөздері» атты фильмнің түсірілімі аяқталды

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдау көрсеткен кинотуынды он бес астарлы әңгіме мен философиялық трактаттардан тұрады. Киножоба режиссері ақынның іргелі туындысын жаңа қырынан ашу үшін күрделі шешімдер қолданған.

Қазақстандық актерлер Тұңғышбай Жаманқұлов, Жан Байжанбаев, Ерік Жолжақсынов, Нұрлан Әлімжанов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов және Аян Өтепберген басты кейіпкерлердің рөлдерін сомдады. Ал киножобаның түсірілім жұмыстары Алматы мен Алматы облысының аумағында өтті.

Айта кетсек, фильм қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түсірілген. Дәл қазір көркем фильм графикалық жұмыстарды жүргізудің соңғы кезеңінен өтуде.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері