Нұр-Сұлтан -15.3°
×
28.11.2021, 14:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Мұқағали» фильмі Таллин кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды

Белгілі режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» фильмі «Темные ночи» атты 25-ші Таллин кинофестивалінде экуменикалық қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушылары «Эстония» концерт залында өткен шараның жабылу салатантында жария етті, деп хабарлады Elorda.info.

«Мұқағали» фильмі Таллин кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды

«Фильмнің поэзиялық тілі мен ерекше көркемдігі адам жанын ерекше сезімге бөлейді. Нағыз рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған кинотуынды», – деді Эстонияның діни ұйымдары өкілдері кірген экуменикалық қазылар алқасы.

Еске сала кетсек, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған кинотуынды аты аңызға айналған ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмнің сценарийін белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбек режиссер Болат Қалымбетов пен Ғазиз Насыровпен бірге жазды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері