Нұр-Сұлтан -15.9°
×
27.11.2021, 17:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда сахнасында польшалық композиторлардың саундтректері орындалды

Елорда төрінде филармонияның Симфониялық оркестрі Польша елшілігімен бірлескен «Польшалық композиторлардың саундтректері» атты музыкалық кеш өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда сахнасында польшалық композиторлардың саундтректері орындалды

Оркестрдің көркемдік жетекшісі – халықаралық байқаулардың лауреаты Берік Батырхан. Бас дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Ернар Нұртазин.

Қазақстандағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевич пен қорғаныс атташесі, подполковник Александр Сухенек концертке арнайы келіп, құттықтау сөз сөйлеп, ұйымдастырушылар мен артистерге алғысын білдірді.

Концерттің ерекшелігі сол көрерменге таныс әйгілі фильмдердегі поляк композиторларының шығармалары орындалды. Олардың қатарында әлемге танымал «Хатико», «Ведьмак», «Пианист» секілді үздік туындылар бар.

Сонымен қатар кеште филармонияның «Қорқыт» этноансамблі өзгеше стильде өнер көрсетіп, тыңдармандарын қуантты.

Көркемдік жетекшісі, мәдениет қайраткері – Шолпан Қорғанбек.  Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Бақытгүл Әубәкірова кеш көркін кіргізді.

Польша музыка кешіне «Полония» Павлодар облыстық поляктар қоғамы, «Жастар» вокалды-хореографиялық ансамблі, «Нартсыз», «Сырены» әйелдер вокалдық ансамблі, республикалық поляк әндері фестивалінің бірнеше дүркін жеңімпаздары, сонымен қатар Қазақстанда ғана емес, шетелдерде өткен фестивальдар мен байқаулардың лауреаттары мен жүлдегерлері қатысты. Көркемдік жетекшісі – Марина Ершова, хореографы – Надежда Федосова, солистер – Богдан Ерыгин мен Анна Мананникова сынды музыканттар қатысты.

Көрермендер әлем тамсанған үздік кинолардың саундтректерін тыңдап, керемет музыкалық кештің куәсі болды.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері