Нұр-Сұлтан -15.6°
×
27.11.2021, 08:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Опера әншісі Мария Мудряк елордада концерт береді

Бүгін елордада қазақстандық белгілі опера әншісі Мария Мудряктың концерті өтеді, деп хабарлайды Elorda.info.

Опера әншісі Мария Мудряк елордада концерт береді

«Пандемияға байланысты біраз жоспар өзгерді. Кейбір жоспарды кейінге шегеруге тура келді. Дегенмен қиындықтарға қарамастан концерттер ұйымдастырып жатырмыз. Оның үстіне Қазақстанда өнер көрсетпегелі біраз уақыт өтті. Менің отанымды үнемі мақтан тұтам және сағынам. Отан мен үшін ата-анам, жақындарым секілді, сыртта жүргенде оларды қалай сағынсам Қазақстанды да солай сағынам. Әрине Қазақстанға жыл сайын келіп өнер көрсеткім келеді. Оның реті келмей жатады, оның үстіне жоспар алдын ала құрылады», – деді Мария Мудряк концертіне орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

«Для тебя, мой Казахстан» деп аталатын концертте опера әншісі әлемдік және қазақтың халық шығармаларын орындайтын болады.

Аталған ән кеші елордадағы «Астана Опера» театрында сағат 18:00-ге жоспарланып отыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері