Нұр-Сұлтан
25.11.2021, 17:20
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

20 ғасырдың киімі 21 ғасырда біздің замандасымыздың үстінде қалай көрінер еді?

Соңғы 100 жылдың ішінде сән әлемі қалай өзгерді? Қазіргі заманғы киім индустриясымен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс бар  ма? Оны ақын, жазушы, мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Сәкен Сейфуллин мұражайындағы суреттерден көрсек.

20 ғасырдың киімі 21 ғасырда біздің замандасымыздың үстінде қалай көрінер еді?
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қадірменді оқырман, суреттегі костюмді осыдан бір ғасыр бұрын (!) Сәкен Сейфуллиннің өзі киген. Ол ұсақ жолақты, қара қоңыр шұғадан тігіліп, ағылшын стильінде пішілген. Заманауи стилі әлі күнге дейін сәннен шықпай келеді.

Ал мына суретте оның туфлиін көруге болады. Былғары теріден жасалып, классикалық үлгіде тігілген. Мұндай үлгідегі аяқ киімді осы күнге дейін әлемдік деңгейдегі дүкендер мен еліміздің сауда нүктелерінен кездестіруге болады.

Сәкен Сейфуллин бұл аяқ киімді 1929 жылы Қырымдағы Алупка қаласында демалып жүрген кезінде сатып алған.

Мына суретте жазушының алтын қалта сағаты бейнеленген. Швейцарияның «Hy Mozer» бренді, 100 грам алтын. Бұл 1936 жылы Сәкен Сейфуллинге қоғамдық және шығармашылық қызметінің 20 жылдық мерейтойында сыйланған бағалы сыйлық.

Байқасаңыздар, осы бір ғасырдың ішінде мода айтарлықтай өзгере қоймағандай. Мысалы, біздің замандастарымыз мына киімді киіп, сағатты тағып, көшеге шықса, оны XX ғасыр басындағы стильді ұнататын талғамы биік адам екен деп қабылдар едік. Ал Сіз қалай ойлайсыз құрметті оқырман?!

Назерке Еркінқызы

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері