Нұр-Сұлтан -0.1°
22.11.2021, 20:37
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Димаш Құдайберген әлемдегі ең танымал 10 әншінің қатарына кірді

Отандасымыз, әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде ең танымал 10 әншінің қатарына ілікті, деп хабарлайды Elorda.info әншінің фанклубына сілтеме жасап.

 

Димаш Құдайберген әлемдегі ең танымал 10 әншінің қатарына кірді

Американың NetBase Quid атты тәуелсіз зерттеу компаниясы қараша айында әлеуметтік желіде аттары жиі аталған әлемге танымал әншілердің тізімін жасады. Аталған ұйымның зерттеуі талдау және интернет нарығын қолданушылардың бағасына негізделіп жүргізілген.

Әлемге әйгілі әншілердің ішінде Димаш Құдайберген танымалдық жағынан 9-орында тұр. Бірінші орында америкалық әнші Тейлор Свифт, екінші орында кореялық BTS тобының мүшесі JIN және үшінші орында оңтүстіккореялық әнші Lisa (Blackpink тобының экс-мүшесі) келеді.

Сондай-ақ әншілер рейтингінде көпке танымал Adele, Джастин Бибер және Ариана Гранде секілді өнер жұлдыздары бар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері