Нұр-Сұлтан -0.1°
21.11.2021, 17:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Томирис» фильмі 27-ші «Лістапад» кинофестивалінде

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың фильмі Минск кинофестивалінде көрсетіледі, деп хабарлады Elorda.Info.

«Томирис» фильмі 27-ші «Лістапад» кинофестивалінде

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы таратқан мәліметке сенсек, халықаралық Минск кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті.

«Лістапад» - Беларусьтегі кино саласының ең ірі фестивальдерінің бірі. Биыл фестиваль 26 қарашаға дейін жалғасады.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады: көркем фильмдер, деректі фильмдер, ұлттық байқау және «Лістападзік» балалар мен жасөспірімдер аудиториясына арналған фильмдер байқауы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері