Бұл туралы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференцияда ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info baq.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ұлы тұлғаларымызды ұлықтау ісі жүйелі түрде жүргізілуде.
“Өткен жылдары әл-Фараби мен Абай жылы аталып өтсе, биыл Жамбыл жылы тойлануда. Келесі жылды Ахмет Байтұрсынұлына арнау көзделіп отыр. Яғни ұлы тұлғаларымызды ұлықтау ісі жүйелі түрде жүргізілуде”, - деп атап өтті Дәурен Абаев.
Сондай-ақ ол елдік мүдде жолында тізе қосып қимылдау баршамыздың қасиетті парызымыз екендігін алға тартты.
“Біздің мақсат – азаттықты ардақтап, Отанымызды одан әрі нығайтып, келер буынға табыстау. Өскелең ұрпақ бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру”, - деді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.