Нұр-Сұлтан -6.3°
19.11.2021, 11:05
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің кезекті концерті өтті

Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық филармонияның Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті кезекті концертін өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің кезекті концерті өтті

Көрермендер Мемлекеттік опера және балет театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында үш ғасыр үндестігінің циклына тоғыстырған керемет концерттің куәсі болды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Ернар Мыңтаев.

Концерттік бағдарламада Л.Бетховенның,  Д.Шостаковичтың және А.Жайымның шығармалары орындалды.        

Кеш қонақтарына классикалық музыка кешін тарту еткен Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетінің музыканттары: бірінші скрипкада - Айдар Тоқталиев, екінші скрипкада - Алексей Лебедев, виолада - Бекзат Сайлаубайұлы және виолончельде - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев сан ғасырдан бері бір нотасы өзгермеген классикалық туындылармен тыңдарманға ерекше көңіл-күй, жан дүниесіне тыныштық сыйлай білді.

Халықаралық байқаулардың лауреаты, Композиторлар одағының мүшесі - Арман Жайым фортепианода кештің сәнін кіргізіп, үздік туындыларын орындап берді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері