Нұр-Сұлтан -4.8°
18.11.2021, 11:05
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада Нұрлан Өнербаевтың шығармашылық кеші өтті

ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші Нұрлан Өнербаевтың мерейлі 60 жасқа толуына орай «Айтылмаған бір әнім бар» шығармашылық кеші өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада Нұрлан Өнербаевтың шығармашылық кеші өтті

Аталған кеш Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен елордалық «Астана» концерт залында санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.

Концертте Музыкалық жас көрермендер театрының әртістері мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Саят Медеуов, Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуәлі, «Славян базары – 2021» халықаралық фестивалінің Гран-При иегері Рухия Байдүкенова, «Junior Eurovision – 2020» халықаралық байқауының лауреаты Ержан Максим, «Славян базары – 2019» халықаралық фестивалінің Гран-При иегері Әділхан Макин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат-Света Айтбаевтар және басқа да өнер қайраткерлері қатысып, қоңыр дауысымен барша қазақтың жүрегіне жол тартқан әнші Н.Өнербаевтың орындауындағы әндерді шырқады.

«Қазақтың әндері тыңдарман жүрегінен ешқашан өшпес үшін біз әндерді қайталап айтып отыруымыз керек. Менің орындаған кейбір тамаша, қанатты әндерім бүгінде жас орындаушылардың, менің сахнадағы іні-бауырларымның, үзеңгілес әріптестерімнің ән қоржынына түсе бастағанын байқадым», - деді, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрлан Өнербаев.

Шара барысында бейнеархивтер көрсетіліп, Музыкалық жас көрермендер театрының әртистері театрландырылған көрініс арқылы әншілігімен қоса актерлік өнер саласына да қосқан үлесі, сонымен қатар ерекше қоңыр үнімен көптеген халық туындылары өшпестей болып қазақ радиосы, телеарналардың алтын қорларынан орын алғандары айтылды.

Кешке келген көрермен қауым әншінің өмірі мен шығармашылығымен  танысып, халық жүрегінен терең орын алған әндерін тыңдап, рухани сусындап қайтты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері