Нұр-Сұлтан -0.8°
16.11.2021, 16:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Радиодан «Көшпенділер» трилогиясының аудионұсқасы беріліп келеді

Күн сайын Қазақ радиосындағы «Көкжиек» бағдарламасының эфирінен жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының аудионұсқасын беріп жатыр, деп хабарлады Elorda.Info ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Радиодан «Көшпенділер» трилогиясының аудионұсқасы беріліп келеді

Қазақ хандығының құрылымы мен саяси өміріне негізделіп жазылған тарихи эпопеяның аудионұсқасын Қазақ радиосының ардагер дикторы Бүркіт Бекмағамбетов дыбыстап шыққан.

«Егемендікті, ел мен жерді бізге аман жеткізген хандар мен баһадүр батырлардың ерлігі жүйелеп жазылған «Көшпенділер» тарихи трилогиясын тәуелсіздік тойы қарсаңында арнайы бағдарлама эфирінен шығару Қазақ радиосының Тәуелсіздік тойына қосқан бір үлесі», - деді «Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы, «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев.

Соңғы екі жылда Қазақ радиосы эфирінде Тахауи Ахтановтың, Хамза Есенжановтың, Әзілхан Нұршайықовтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Әбіш Кекілбаевтың, Қалихан Ысқақтың, Сәкен Жүнісовтің, Бердібек Соқпақбаевтың, Сәбит Мұқановтың, Шерхан Мұртазаның, Мұхтар Мағауиннің еңбектері мен әңгімелері аудиокітап форматында берілген.

Айта кетейік, әйгілі «Көшпенділер» туындысы кеңестің кезеңде ұлттых тарихымыз туралы жазылған алғашқы көлемді шығармалардың бірі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері