Нұр-Сұлтан 15.9°
×
22.10.2021, 16:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Әйгілі актер кино түсірілім барысында операторды атып өлтірді

Санта-Фе қаласының (Нью-Мексико штаты) маңындағы «Rast» вестернінің түсірілімінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Elorda.Info «ВВС»-ге сілтеме жасап.

Әйгілі актер кино түсірілім барысында операторды атып өлтірді

Кинотуындының продюсері әрі басты рөлді сомдаушы - танымал Голливуд актері Алек Болдуин абайсызда тапаншамен оператор Галина Хатчинс пен режиссер Джоэль Соусты жаралады. Белгілі болғандай, актер қолданатын атыс қаруы түсірілім алаңында реквизит ретінде пайдаланылып келген. Алайда, дәл сол күні ол әскери оқпен жарақталған болып шықты.

Өкінішке қарай, Алькуберке қаласындағы ауруханаға жеткізілген 42 жастағы оператор қайтыс болды. Ал 63 жастағы режиссер ауыр халде жатыр.

Қаза тапқан украиналық Галина Хатчинс 42 жаста еді. Ол «Макс Фист» («Archenemy») және «Дорогуша» («Darling») сияқты фильмдердің түсіріліміне қатысқан.

«The Hollywood Reporter» басылымы жазғандай, Алек Болдуин басты рөлді сомдаған кинотуындының желісі XIX ғасырдағы уақытты қамтиды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері