Нұр-Сұлтан 12.4°
×
10.10.2021, 09:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада «Менің Отаным-Қазақстан» мәнерлеп оқу байқауы өтті

9 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде балалар арасындағы «Менің Отаным-Қазақстан» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді, деп хабарлайды Elorda.Info.

Елордада «Менің Отаным-Қазақстан» мәнерлеп оқу байқауы өтті
Фото: пресс-служба АНК г.Нур-Султан

Аталған байқау ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ҚХА қолдауымен және «Юнчи» дүнген этномәдени орталығының ұйымдастыруымен болды. Ондағы мақсат – қазақ тілі мен поэзиясына қызығушылықты арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Байқауға этномәдени орталықтың 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалары қатысып, қазақ тілінде өлеңдер оқып, әр қатысушы жақсы өнер көрсеткен.

Кеш соңында Нұр-Сұлтан қаласы «Юнчи» этномәдени орталығының төрайымы Зульфия Месировна Муханзаева барлық қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, балалардың қазақ тілін меңгеруінің жоғары деңгейін атап өтіп, мемлекеттік тілді үйренуге шақырды.

Конкурс қорытындысы бойынша:

Кіші топ

1 орын Хава Амира

2 орын Идырова Эльвира

3 орын Марасулова Айлин

Үлкен топ

1 орын Идыбо Алишер

2 орын Идыбо Абдрахман

3 орын Идыров Ринат

Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз!

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері