Нұр-Сұлтан 9.9°
×
07.06.2022, 17:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Кәрімбек Құрманәлиев: Референдум күні жастар белсенділік танытты

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиев Ата заңға енгізілетін жаңа өзгерістер туралы пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info

Кәрімбек Құрманәлиев: Референдум күні жастар белсенділік танытты
Фото: ашық дереккөз

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін өткізілген жалпыхалықтық референдумға қатысқан күн де тарихта қалды. Біріншіден, бұл күні дауыс беруге қатысқандардың 77 пайызы конституциялық реформаларды жақтап, дауыс берді. Әрбір азаматтың тарихи таңдау жасап, өз дауысының ел болашағын бағамдауда маңызды екенін жете түсінуінің өзі - aзаматтық қоғам құруға деген белсенділігін көрсетті деуге болады, – деді ол.

Кәрімбек Арыстанбекұлының сөзінше, дауыс беру күні таңертеңнен бастап жастар белсенділік танытып, «біреулердің айтуымен» емес, өздері құлшыныс танытып қатысқанына бақылаушы ретінде куә болыпты.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері