Нұр-Сұлтан 11.6°
×
07.06.2022, 17:07
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Халық саяси мәдениеті жоғары екенін көрсетті – Зұлпыхар Ғайыпов

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өткен референдумға қатысты өз ой-пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info

Халық саяси мәдениеті жоғары екенін көрсетті – Зұлпыхар Ғайыпов

Баршамыз  референдумға қатысу арқылы мемлекетіміздің басты құжатына сенім білдірдік. Халық дауыс беру учаскелерінде жаңашыл реформаларды қолдады. Бұл өзгерістер әрбір ел азаматы үшін өзінің ертеңіне, болашақ ұрпағының өмірі жақсырақ болуына деген үлкен сенімді көрсетті. Кезінде Күлтегін бабамыз «бегі – еліне, елі бегіне сенген халық ұзақ жасайды» деп айтқан екен. Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл саяси қадамы әрбір қазақстандықтар үшін маңызды болды. Еліміздің болашағы одан да жарқын болатынына халық сенімді, – дейді Зулфухар Сұлтанұлы.

Айта кетейік, Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өткен Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларға қатысты референдум қорытындысын жариялады. Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың саны 7 985 769 немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,05 пайызын құрады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері