Нұр-Сұлтан -11.7°
×
14.01.2022, 11:00
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Осы тәртіпсіздікті біз жасадық» – Мәжіліс депутаты

Ел халқының 1,5 млн-ға жуығы кедей. Еліміздегі кедейлік мәселесін терең, жан-жақты шешпей, саяси тұрақтылықтың ауылы алыс болары сөзсіз. Бұл туралы саясаттанушы, Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров facebook-парақшасында жазды деп хабарлады Elorda.info

«Осы тәртіпсіздікті біз жасадық» – Мәжіліс депутаты
Фото: ашық дереккөз

Ол өз жазбасында көшеге шыққан, бұзақылық жасаған азаматтардың көпшілігі біздің бауырлар, көпшілігі жас балалар екенін айтты.

Олардың бұл жүріс-тұрысы үшін барлығымыздың (менің де) кінәміз бар. Өйткені, ол жастардың мүлдемге «өмір перспективасы» жоқ. Олардың «жоғалтатын ештеңесі жоқ».

Проблема осында.

Бұл – ең бірінші мемлекеттік саясаттың бұрыстығы. Біз ауылды ұмытып кеттік, ауыл мен қаланың арасындағы мәдениет, білім, қаржы деңгейіндегі теңсіздіктің нәтижесінде олар қалаға келеді. Қалада ол жастарды күтіп отырған ешкім жоқ.

Еріксіз базар, сауда орталықтарына барады. Ол жақта тәшкі тасып, жүк тасушы болып еңбек етеді. Жалақысы өте аз, әлеуметтік гарантия жоқ, кредиттен кредит. Әке-шешелерінің де әлеуметтік жағдайы төмен.

Сол жастар қаланың белгілі бір топтарының тоқ, уайым жоқ өмірін көреді. Іште ыза, ымырасыздық, кек, төзімсіздік пайда болады.

Дәл осы кезде олардың жолында діни экстремисттер пайда болып, идеологиялық жұмыс істейді.

Өкінішке орай, мемлекет, қоғам, біз осы тәртіпсіздікті өзіміз жасадық.

Ауыл мектептерінің білім деңгейін көтеріп, ауылдарда балаларымызды техника, ноу-хау, жаңа біліктілікке баулымасақ, бұл құбылыстан құтылу мүмкін емес.

Ауылдардың больница, кітапхана, интернетке қолжетімділік мәселесін шешу керек.

Ауылдарда жол мүлдемге жоқ. Ауылдарға барғанда «жол азабының» не екендігін сезінерің анық.

Қалаға келген, базарларда еңбек етіп жүрген біздің жастарымызды бизнеске баулу, оларға өмір перспективасын беру бағдарламасын жасау өте маңызды! – деп жазды депутат.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда ержүректері