Нұр-Сұлтан 21.3°
×
22.06.2022, 12:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық оқушы қатарластарының заманауи мамандықтарды меңгеруіне көмектесіп жүр

14 жастағы Жансұлтан Табылды Нұр-Сұлтан қалалық Жастар саясаты ұйымдастырған байқаудың 350 000 теңгелік грантын жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық оқушы қатарластарының заманауи мамандықтарды меңгеруіне көмектесіп жүр

Байқауға №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің оқушысы Жансұлтан «Python» ғылыми жобасын ұсынған.

Жансұлтан жеңіп алған қаражатқа сайт ашып, оған қажетті техника құралдарын сатып алып, бағдарламашы, web-дизайнер, game-дизайнер сияқты заманауи маман иесі боламын деген замандастарына үлкен мүмкіндік сыйлады. Бастапқыда сабақты онлайн форматта жүргізіп, кейіннен «Ер-Нұр» (Ш.Құдайбердіұлы, 17) оқу орталығында жалғастырды. 

Жансұлтанның айтуынша, сабаққа жиналған балалар өте белсенді. Олардың белсенділігі Жансұлтанға  да ерекше әсер сыйлаған. Ал оның ата-анасы балаларының көптен күткен арманына қол жеткізгеніне дән риза. Олар осы жобаны ұйымдастырған Жастар саясаты басқармасының ұжымы мен басшысы Қайрат Қамбаровқа алғыстарын айтты.  

«Бұлақ көрсең – көзін аш» демекші, осындай алғыр, білімді балаларға қолдау көрсететін осындай жобалар алдағы уақытта жалғасын тауып жатса, онда еліміздің болашағы жарқын болар еді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері