Нұр-Сұлтан 27.8°
×
08.12.2021, 09:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық дәрігер "Алтын дәрігер" медалімен марапатталды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордалық емхана дәрігері Оразалы Рахимов Қазақстан Республикасы Ұлттық медицина қауымдастығының "Алтын дәрігер" медалімен марапатталды. Марапатты қауымдастық президенті Айжан Садықова табыстады, деп хабарлады Elorda.info

Елордалық дәрігер "Алтын дәрігер" медалімен марапатталды

"Алтын дәрігер" төсбелгісі өз қызметінде ерекше кәсіби шеберлік пен қайсарлық танытқан денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне адал және мінсіз еңбегі үшін тапсырылады.

Медаль – маманның отандық денсаулық сақтауды, халық денсаулығын жақсартуға және белсенді қоғамдық қызметке қосқан зор үлесіне берілген баға.

Оразалы Рахимов денсаулық сақтау саласында 35 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын Целиноград облыстық ауруханасында дәрігер-интерн болып бастаған, ауылдық дәрігерлік амбулаторияда алдымен терапевт, содан кейін бас дәрігер болып жұмыс істейді, жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігері және балалар ауруханасында лор-дәрігер болды. №3 қалалық емханада Оразалы Рахимов 24 жылдан бері жұмыс істейді. Соңғы жылдары Есіл ауданы бойынша шақырылған медициналық комиссияның төрағасы.

"Шынымды айтсам, күтпедім. Бірақ менің кандидатурамды ұсынған жандарға ризамын. Менің денсаулық сақтау саласындағы еңбегімнің еленуі мен үшін үлкен құрмет пен қуаныш. Сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес", - деп өз ойымен бөлісті дәрігер.

Оразалы Рахимовтың ақ халатында алтын жалатылған және фианиті бар төсбелгі айқын көрінеді. Үлкен тәжірибесі бар дәрігер үшін енді бұл – ең қымбат марапаттардың бірі.

Бұған дейін COVID-19 пандемиясы кезінде қайтыс болған дәрігерлер "Алтын дәрігер" медалімен марапатталды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері